Ұрпақтар сабақтастығы: Ақмола облысының үлгілі отбасылары референдумға қатысуда
Бурабай ауданынының Щучинск қаласындағы Хамзиндер отбасы референдумға қатысуды нағыз отбасылық іс-шараға айналдырды. Бұл үлкен әрі тату әулет сайлау учаскесіне толық құрамда келіп, азаматтық борыш пен елдің болашағы - бұл отбасының ортақ ісі екенін айқын көрсетті.
Хамзиндер - бірліктің үлгісі. Отағасы Ғалымжан Хамзин мен жұбайы Гаухар Хамзина, Бурабай ауданының құрметті азаматы және «Ел ана» атағының иегері, бірге дауыс беруді маңызды дәстүр деп есептейді. Олардың қасынан ұлдары Серікжан Хамзин мен келіні Ардак Хамзина да өз таңдауын жасады. Олар балаларын кішкентай кезінен бастап әр адамның дауысының маңызы бар екендігіне үйретеді.
Бұл отбасы үшін сайлау учаскесіне бірге бару - балаларда патриотизмді тәрбиелеудің бір тәсілі. Алдыңғы буын Хамзиндер бизнесте және білімде кәсіби жетіст










